Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы » Коммунальное государственное учреждение "Жанайская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования Восточно-Казахстанской области.
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жанай орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
март
2021

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің "Жанай орта мектеп-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойыншатамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысытамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы
 
 Мерзімі: наурыз 2021


 Мектепте 2020-2021 оқу жылының ІІ жартыжылдығы наурыз айында 1-11 сыныптарда -146 оқушы отыр. Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 146 оқушы . Оның ішінде ата-ана есебінен тамақтанатын балалар саны- 79 оқушы. Сондай –ақ әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы төмен , мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы және педагогикалық кеңес отырысының шешімімен жартылай жетім, көп балалы отбасынан 67 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп арендаторы 10 оқушыға тегін тамақтануды ұсынып, жүзеге асырып отыр.

 1-4 сынып бойынша 20 оқушы тегін сүтпен қамтылған.
 Қазіргі таңда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар 
Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына10-қосымша Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайтын қағидаларына сай жүргізілуде.
 Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған.
 Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар.

Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады . Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады.

Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері күнделікті қадағалап тексереді. Сондай –ақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады.




Тексерген

Мектеп директоры:                     Нуркасымова С.С.


 Орындаған 

Әлеуметтік педагог:                    Назарбек М.М.