ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес » Коммунальное государственное учреждение "Жанайская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования Восточно-Казахстанской области.
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жанай орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2019

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

 АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
 
 Құрметті ата-аналар!
 Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?
 - Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.
 - Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.
 - Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.
 - Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.
 - Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.
 - Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.
 - Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.
 - Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.
 - ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
 - Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.
 - Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.
 - Тамақтануына көңіл бөліңіз: баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.
 - Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.
 - Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.
 Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.
 Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:
 • Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына сендіріңіз.
 • Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.
 • Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.
 • Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.
 • Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.
 • Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.
 • Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.
 • Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.
 • ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.
 
 
 Мектеп психологі:    Мустафаева Ж.С.