14
октябрь
2019
«18 қазан – Рухани келісім күніне» орай ұйымдастырылатын «Дін және конфессия кеңістігі» атты апталық
«Жанай орта мектеп-бақша» КММ бойынша «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай «Дін және конфессия кеңістігі» атты апталықтың ұйымдастырылуы туралы мәлімет.
2019 жылдың 14-18 қазан аралығында «Жанай орта мектеп-бақша» КММ –де «Дін және конфессия кеңістігі» атты апталық ұйымдастырылды. Апталық барысында: оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін ақпараттық-түсіндірме стенд жасалды. Кітапханашы Б.Қабдолданова «Толеранттық – бейбітшілікке жол» тақырыбында кітап көрмесі ұймдастырылды. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-4-сыныптарда «Имандылық – ізгілік негізі», 5-11-сыныптарда «Толеранттық – бейбітшілікке жол» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар, мектеп психологы Ж.Мустафаева мен тәлімгер Б.Байдолдаева 9-11-сыныптарға «Сақ бол, жас түлек!» тренингін өткізді. Дінтану пәнінің мұғалімі Н.Адилмуратова «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.







