3–4-сынып оқушыларымен «Мен және менің эмоцияларым» тақырыбында
«Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы барысында «Жанай орта мектеп-бақшасы» КММ-де мектеп педагог-психологы А. Серікқызы 3–4-сынып оқушыларымен «Мен және менің эмоцияларым» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына эмоциялар туралы түсінік беру, өз сезімдерін тану және дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру, эмоциялық өзін-өзі реттеу тәсілдерін үйрету, жағымды қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сондай-ақ оқушылардың эмоционалдық саулығын нығайту.