МАД тобының ата-аналарымен «Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау» тақырыбында тренинг » Коммунальное государственное учреждение "Жанайская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования Восточно-Казахстанской области.
Абай облысы білім басқармасының
Үржар ауданы білім бөлімінің
"Жанай орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
ноябрь
2025

МАД тобының ата-аналарымен «Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау» тақырыбында тренинг

«Жанай орта мектеп-бақшасы» КММ-де мектеп педагог-психологы А. Серікқызы «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы барысында МАД тобының ата-аналарымен «Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: Ата-аналардың баланың эмоционалды дамуын қолдаудағы рөлін күшейту, отбасында жылы қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, баланың сезімін дұрыс түсініп, оны қолдау әдістерін меңгерту.  Тренинг барысында ата-аналар жағымды қарым-қатынас тәсілдерін тәжірибе жүзінде орындап, өз баласының эмоциясын тану және қолдау жолдарын үйренді. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ата-ана–бала арасындағы сенімді байланысты нығайтуға арналған тиімді әдістермен танысты. Шара ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыруға және отбасы ішіндегі жылы атмосфера құруға оң ықпал етті.  #ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО
#неделя_СППС_РМЦПП
@centr_psychology_abay