03
октябрь
2019
"Жанай орта мектеп - бақша" КММ "Экосағат және біз!"
«Жанай орта мектеп-бақша» КММ бойынша «Табиғатты аялай біл!» атты экологиялық сағатты ұйымдастыру туралы хабарлама
2019 жылдың 3 қазанында «Жанай орта мектеп-бақша» КММ-де «Табиғатты аялай біл!» атты экологиялық сағат ұйымдастырылды. Оқушыларды су, жер, және т.б. табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне тарту, ауаның ластануына әкелетін факторлар жайлы мәлімет беру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында 1-11-сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Шараға Егінсу ауылдық округінің әкімі Қалихан Қазытайұлы Нурумбаев, мектеп директоры Сәуле Сембайқызы Нуркасымова қатысты. Тәрбие сағаттарынан кейін 5-11-сынып оқушылары, мектеп ұжымы мектеп ауласына 100 ден аса талдардың көшеттерін отырғызды. Тал отырғызу жұмыстарына ауыл әкімі Қ.Қ.Нурумбаев та ат салысты.


















