
Абай облысы білім басқармасының Үржар ауданы білім бөлімінің "Жанай орта мектеп-бақшасы" КММ-де ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету мақсатымен тренинг өткізілді. Тренинг барысында ата-аналардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге деген көзқарасы анықталып, түрлі жаттығулар өткізілді. Оқушыларды сынаққа тиімді дайындау үшін психологиялық кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды. Әрбір ата-ана өз баласына деген жылы лебізін, арман-тілектерін білдірді. Күні:14.02.2025жыл. Өткізген педагог-психолог: Абенова Н.Б.@abai_bilim_basqarmasy
@bilim_bolimi_urjar