8-Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" концерттік бағдарламалар аналарға » Коммунальное государственное учреждение "Жанайская средняя школа-сад" отдела образования по Урджарскому району управления образования Восточно-Казахстанской области.
Абай облысы білім басқармасының
Education Department of Urzhar district
"ЖанайSecondary school -бақшасы"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
06
March
2024

8-Наурыз "Халықаралық әйелдер күні" концерттік бағдарламалар аналарға

Құрметті абзал аналар, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: Абылқайырова Гүлнар Қадырқанқызына беріледі (директор сөз сөйлейді).
 Десек те уақытпенен жарыспайды,
 Қияға қиялменен қарыштайды.
 Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
 Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе 8 - сынып оқушысы Еркін Аружанның «Әже» әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
 Жүргізуші: 
 
Сіздерден өскен балалар
 Батырлар мен даналар.
 Құттықтаймыз мейраммен,
 Жүргізуші: 
 Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
 Бишілер билеп кетті тербетіле.
 Аққудай қалықтаған теңіздегі,
 Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті «Кесе сылдыры» биіне береміз.

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
 Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Дей келе Нұрмұхаметова Жанеркенің орындауында «Әке-ана» әнін қабыл алыңыздар!

 Келесі кезекте даярлық сыныптың оқушысы Базаралы Зеренің орындауында монолог қабыл алыңыздар!!!

Жүргізуші: 
 Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
 Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
 Қалайша аяулы ана тына алармын,
 Ән болып сағыныштан ақтарылMay, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне 3 - сынып оқушысы Арнұрдың орындауында «Ақ мамам» әнімен сахна төріне шақырамыз.
 Жүргізуші:
 Әркімнің де өмірден аласы бар,
 Аласы бар адамның анасы бар.
 Мерекесін құттықтап аналардың,
 Өнерлерін жолдайтын 3-cынып оқушыларының орындауындағы әдебимонтажды қабыл алыңыздар. 

Жүргізуші:
 Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылMayтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
 Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
 Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
 Өзің мына сыйға берген өмірде
 Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым. Келесі кезекте 6-сынып оқушысы Сағымбай Зеренің орындауындағы «Мерекем» әнін қабыл алыңыздар!

Келесі кезекте 4-сынып оқушыларының көрінісін қабыл алыңыздар!!!

Жүргізуші: 
 Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
 Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
 Биімен көрерменді тәнті ететін
 Арулар келді міне толқып, тасып. Дей келе  биші қыздарымыздың орындауындағы «Испан» биін қабыл алыңыздар!
 Жүргізуші: 

Ару - Ана өмірдің асылдары,
 Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
 Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
 Сендер үшін мереке шашулары.
 Келесі кезекте 1 – 2 сыныптың ұлдарының орындауында әжелерімізге, аналарымызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар! 

Жүргізуші: 

Аяулысың, ауылымның асылдары,
 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
 Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
 Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда «Өзбек» биін қарсы алыңыздар!

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
 Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
 Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
 Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
 Ер жеткізіп елге берген баласын,
 Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
 Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,
 Қайратыңнан қайта көрме, анашым! – дей келе Даярлық сыныптың оқушысы Амангелді Бота мен анасының орындауындағы «Ана мен бала» әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
 Бұралып біздің қыздар билеген де,
 Шығыстың асқақ әні тербегенде 
 Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
 Құрбылар айтыңдаршы қандай адам. Биші қыздарымыздың орындауындағы «Аса таяқ» биін қабыл алыңыздар.
 Жүргізуші:
 Дүниедегі ең кемеңгер дананы
 Ана табады, аялайды, бағады.
 Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
 Құрметтейік қасиетті ананы, – дей келе 3-сынып оқушысы Құдайберген Азаматтың орындауындағы «Аяулым анашым!» әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ,ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар.

Аналардаң туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі. Дей келе 2-сынып оқушысы Иманғалиева Аянұрдың орындауындағы «Биле, биле, билеші» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
 
Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлпештеген анашым.

Жақсы болсам асырып,

Жаман болсам жасырып,

Қамқор болған анашым. Биші қыздарымыздың орындауындағы  Заманауи биін қабыл алыңыздар! 

Жүргізуші: 

Ақ әжемді арқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін. Келесі кезекте 3- сынып оқушысы Бекпосын Әкежанның орындауындағы «Балқия» әнін қабыл алыңыздар! 

Жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. «Анамызға мың алғыс» атты хор әнін қабыл алыңыздар!!!.

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!